KZ

Қазақстан мектептерінде жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Еліміздің жоғары оқу орындарында ағылшын тілінен жекелеген пәндерді оқыту үшін 5,5 мың мұғалім дайындалады.

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентінің "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

"Жаңа міндеттерге сәйкес біздерге білім берудің барлық деңгейлерінің мазмұнын, методикасын және технологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Қашықтықтан және онлайн оқыту жүйесін өрістету, мемлекеттік тіл мен үштілділікті қарқынды дамыту міндеті жүктелді", - деді министр.

Б.Жұмағұловтың атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің 32 жоғары оқу орнында жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мамандарды дайындау ісі басталды. Ал келесі оқу жылынан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде үштілде оқыту жүргізіледі. Сонымен қатар алдағы уақыттарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады.

Новости Казахстана
Қазақстан мектептерінде жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады
Mailfire view pixel