KZ

Бақыт Сәрсекпаев болашақ олимпиада чемпиондарын дайындайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бақыт Сәрсекбаев Астанадан балаларды боксқа баулитын жеке зал ашуды ойластыруда.

Қазіргі күні Бежің олимпиадасының чемпионы оған қатысты құжаттарды реттеп жүр.

Бақыттың өзі бокс залын қараша айында ашсам деп жоспарлаған көрінеді. Бірақ, бірқатар қиындықтар туды.

"Зал бөлмесі жертөледе. Онда жылу жүйесі қосылмаған. Бүгінде осы олқылықтарды жөндеп жатырмыз. Құдай қаласа, бокс залын енді бір-екі айда ашамыз деп отырмыз. Бокс секциясы балалар үшін тегін, үлкендер үшін ақылы болмақ. Өйткені, залды жалға алатын болады. Және білікті бапкерлерге де еңбекақы төлеу қажет", - деді Бейжің олимпиадасының чемпионы.

Олимиада чемпионы жаттығуды өзі де жүргізбекші. Сондай-ақ, шеберлік-сағатын да өткізіп тұрмақ.

Новости Казахстана
Бақыт Сәрсекпаев болашақ олимпиада чемпиондарын дайындайды
Mailfire view pixel