KZ

Иосиф Кобзон өзіне зираттан жер сатып алды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ресей эстрадасының әншісі Иосиф Кобзон өзінің анасы жерленген Востряковск зиратынан жер сатып алды.

Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Ресейдің халық әртісі Иосиф Кобзон үшін "элиталы" Новодевичье зиратынан жерге "бронь" жасап қойған болатын.

Әншінің өзінің таңдауы болса қарапайым Востряковск зиратына түсті.

"Мен өзіме анамның жанынан орынды белгілеп қойдым. Маған ешқандай құрметтер қажет емес", - деді әртіс телеарнаға берген сұхбатында.

Еске салайық, кеңестік дәуірдің құрметті әртісі, лирикалық баритонның иесі, 24 желтоқсан күні Астанада "Мен сені сүйемін өмір" атты мерейтойлық концертін береді.

2012 жылдың 11 қыркүйегінде КСРО халық әртісі және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты И.Кобзон 75 жылдық мерейтойын атап өтті.

Новости Казахстана
Иосиф Кобзон өзіне зираттан жер сатып алды
Mailfire view pixel