KZ
Ұлттық банк 2013 жылы теңгені тағы да құнсыздандырмақ
Новости Финансы

Ұлттық банк 2013 жылы теңгені тағы да құнсыздандырмақ

Расказать Вконтакте

Доллар әрі қарай да өсіп, 151 теңгеден аспақ.

ATFBank Research теңгенің долларға деген бағамы бойынша болжамын сақтап, 2013 жылдың аяғында доллардың құны  151 теңгені, ал 2014 жылы 151,5 теңгені құрайды деп отыр.

Бұл туралы Kapital.kz порталына ATFBank Research эксклюзивті түрде ұсынған есептерінде көрстіледі. ATFBank Research сарапшыларының пікірінше, ҚР Ұлттық банкі қоры жеткілікті, сондықтан теңгенің аздаған ғана құнсыздануына жол беріледі.

Есепте көрсетілгендей, 2012 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін теңге рубльге қарағанда 4,1%-ға күшейіп, 5,06-дан 4,86-ны құрады. Бұл өз кезегінде, сарапшылардың айтуы бойынша, нақты тиімді ақша айырбастау бағамының көтерілуіне әкелді. Мұндай көрсеткіш деңгейі ТМД елдерінде соңғы рет 2008 жылы орын алды.

ATFBank Research бұл Ұлттық банк үшін теңгені қолдау мақсатында қордан айтарлықтай қаржы жұмсауға кедергі болды дейді.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық банкі құбылмалы валюта бағамы саясатын ұстанады. Мұндағы мақсат - валюта бағамының кенеттен ауытқуын болдырмау.

Ұлттық банк төрағасы Григрий Марченко желтоқсанда өткен онлайн-конференциялардың бірінде "Қазақстандық теңге бағамының құбылуы басқа валюталармен, мәселен, рубль, евро немесе жапондық йенамен салыстырғанда, біраз төмен. Қазақстандық теңгенің АҚШ долларына деген жылдық құбылмалылығы небары 2%-ды құрады, ал рубльдікі - 15%, евронікі - 12%, йенанікі - 9%. Басқа валюталардың жанында қазақстандық теңгенің бағамы ең тұрақты болып табылады", - деп мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, теңге бағамының долларға деген 1 теңге көлеміндегі құбылуы барлық әлемде қолданылатын техникалық коррекция болып табылады. 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии