KZ
Алдағы төрт жылда Қазақстанда 1200 шақырым жаңа темір жол төселеді
Новости Финансы

Алдағы төрт жылда Қазақстанда 1200 шақырым жаңа темір жол төселеді

Расказать Вконтакте
Алдағы төрт жылда Қазақстанда 1200 шақырым жаңа темір жол төселеді

Алдағы төрт жылда "Қазақстан темір жолы" 1200 шақырым жаңа жол төсеуді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның көлік инфрақұрылымының дамуы жайында өткен брифинг барысында Қордың басқарушы директоры Нұржан Байдәулет мәлім етті.

"Соңғы 20 жылда Қазақстанда 1,1 мың шақырым темір жол салынған. Алдағы 4 жылда "Қазақстан темір жолы" тағы да 1,2 мың шақырым жаңа жол төсеуді жоспарлауда. Бұл жұмыс биыл басталып та кетті. Ол - Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл бағыттары", - деді басқарушы директор.

Оның айтуынша, 2012 жылы орталық Қазақстан арқылы өтетін жаңа жолды кеңейтетін "Бейнеу-Жезқазған" (988 шақырым) және Арқалық өңірінің дамуына ықпал ететін "Арқалық-Шұбаркөл" (214 шақырым) жолдарын салу жобалары басталады. Оларды 2016 жылы іске қосу жоспарлануда.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии