KZ
Мәжіліс депутаттары күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда
Новости Финансы

Мәжіліс депутаттары күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда

Расказать Вконтакте
Мәжіліс депутаттары күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда

Мәжіліс депутаттары елдегі азық-түлік бағасын реттеу мен күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда.

Төменгі палатада бас қосқан қалаулылар Ауылшаруашылық, Сауда және экономикалық даму министрліктерін шақыртып азық-түлік мәселесін талқылады. Тіпті, бір күндік азық-түлік себеті де назарға ұсынылды. Ал ең төменгі күнкөріс минимумы 17 мың теңгеге жуықтайды.

Нұржамал Қазыбекова - Астана тұрғыны. Туғалы осында күн кешіп келеді. Зейнеткердің мемлекеттен алатын зейнетақысы тамағы мен дәрі-дәрмегіне әрең жетеді. Қалған шығынын арқаның қақаған суығында көшеге шығып, шұлық пен темекі сатып табады.

НҰРЖАМАЛ ҚАЗЫБЕКОВА, зейнеткер:

 - 15 мың пенсия аламын. Ол маған жетпейді. Аяғыма дәрі алуым керек. Не тамаққа жетпейді, өзім квартирадамын. Сол үшін қысты күні тоңып тауар сатып тұрмын.

Ал мәжілісте азық-түлік себеті мен күнкөріс деңгейін арттырудың жолдарын іздестірген қалаулылар ортаға түрлі ұсыныстар тастады. Ең төменгі мөлшер 17 мың теңгенің дені сау адамға жетпейтінін депутаттар да біліп отыр. Алайда, бағаны бағындырудың жолын таба алар емес. Бірі, отандық тауарды импорттық өнімдерден қорғауды ұсынса, бірі азық-түліктің нарықтағы бағасын төмендету үшін алып-сатар делдал атаулыны аластатуды ұсынды.

ГҮЛНӘР СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Кейбір статистикалық деректерге қарайтын болсақ, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүріп отырған халықтың проценті 40 проценттен асады.

Демек, азық-түлік себетіндегі тауарлардың бағасы күнкөріс минимумынан жоғары. Ал әр адам бір айда екі келі ет пен 170 грамм күріш тұтынады дегенге кім сенеді? Бұл тағамтану институтының ұсынған нормасы.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии