KZ
Нокин үкіметтен халықтың жағдайын жақсартуды талап етті
Новости Финансы

Нокин үкіметтен халықтың жағдайын жақсартуды талап етті

Расказать Вконтакте

Нақты 100 мың теңгеге дейін табысы бар отбасы үшін өз бетімен тұрғын үй сатып алу үлкен проблема.

Парламентте "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі күні халықтың негізгі тобы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым мәселелері болып отыр. Осыған орай, "Қолжетімді баспана" бағдарламасының жобасын әзірлеген кезде жұмыс тобы халықтың сатып алу сұранысының, жалақының және тұрғын үй бағасының параметрлерін анықтады", - деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, мысал ретінде 4 адамнан тұратын, соның ішінде екеуі жұмыс істейтін және айына 106 мың теңге нақты табыс табатын орташа статистикалық отбасы қарастырылған.

"Осы отбасының шығыстары 64 мың теңге сомасында, бір адамға айына 16 мың теңгеден тиеді. Ал пәтер сатып алу үшін бос лимит 42 мың теңге (106 - 64 = 42). Алаңы 40 шаршы метр пәтерге айсайынғы төлем ипотекалық қарыз (15 жыл мерзімге, 12% жылдық ставка) бойынша: жаңа үйде - 86 мың теңге, бұл 42 мың теңге деген қолжетімді лимиттен 2 есе артық. Осындай шартпен қайталама нарықта - 63 мың теңге құраса, бұл лимиттен 1,5 есе артық. Сонымен, айына нақты 100 мың теңгеге дейін табысы бар отбасы үшін өз бетімен тұрғын үй сатып алу үлкен проблема болып отыр. Бұл халықтың экономикалық жағынан белсенді 8 миллион адамның 6 миллионын құрайды", - деді С. Нокин.

Оның айтуынша, сондықтан да халықтың осы аталған тобын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және шаралар қабылдау Үкіметтің таяу арадағы негізгі міндеттеріне жатады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии