KZ

Шымкентте 10 адам жаппай атыстан кейін ауруханаға түсті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары адам шығынан алып келген төбелеске күдігі бар азаматты іздестіріп жатыр.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрмыс қалдықтарын өңдеу зауытында жұмыс істеп жүрген фирма қызметкерлері мен сол нысанда келісімшарт бойынша еңбек етіп жүрген азаматтар арасында дау туып, соңы жаппай төбелеске ұласақан.

Дау келісімшарт қызметкерлеріне жалақыларын уақытыл бермегендіктен туындаған делінген баспасөз хабарламасында. Қақтығыс барысында қару қолданылып, бірнеше адам дене жарақаттарын алған. Фирманың 7 қызметкері және қарсы жақтың екі азаматы ауруханаға ота жасау бөлімшесіне жеткізіліпті.

Алайда, 1980 жылы туған бір қызметкерді аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Аяғына тиген оқтан ол көп мөлшерде қан жоғалтып, аурухана төсегінде қайтыс болды. Құқық қорғаушылар бүгінде төбелестің басталуына себепкер болды деген күдіктіні іздестіру үстінде. Оның тұлғасы анықталған. Бұрын ол бұзақылық қылмысы үшін сотты болған екен, қазір Шымкент қаласында тұратын Ақтөбе облысының 1970 жылы дүниеге келген тумасы.

Новости Казахстана
Шымкентте 10 адам жаппай атыстан кейін ауруханаға түсті
Mailfire view pixel