KZ

Астанада құймақтан "Алла" деген жазу шықты (фото)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Адамзат баласы жаратылғалы бері Алла тағала өз құлдарының ақиқат жолынан таймауы үшін қаншама пайғамбарларын жіберіп тұрды.

Олар адам баласын Алланың дініне шақырып, жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирентіп отырды. Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.). Расулулла (с.ғ.с.) бүкіл адамзатқа пайғамбар етіп жіберілді. Ол арқылы қасиетті Құран Кәрім түсті, дініміз толықтырылды.

Ислам діні қиямет күніне дейін адамзат баласын ақиқатқа бастайтын жарық шырақ бола бермек. Бұдан кейін пайғамбарлар келмегенімен, Алла тағаланың Өзінің бар екенін адам баласына көрсететін құдіреті толастамақ емес. Соның бірі – әртүрлі нәрселерден "Алла" есімінің пайда болуы. Бұны ақиқат жолынан тая бастаған құлдарына Жаратушы Иеміздің ескертуі деп түсінеміз.

Елордамызда тағы бір осындай ғажайып оқиға орын алды. Бұл "Спутник" аспазханасында 18 қараша күні болған жағдай.

Мекеме директоры Радимхан Сұлтанқызы бұл жайтты былай әңгімелейді:

– Құймақтан "Алла" жазуының пайда болуы біздің аспазхана ұжымына өте қатты әсер етті. Бұл құймақ пісіруші қызметкеріміз Хадиша Зайпуллаеваның "пісіргені". Біздің ұжымның көпшілігі мұсылмандар. Мына жазуды көре сала, оның "Алла" деген сөз екенін бірден білдік. Іле-шала құймақты мешітке алып барып, көрсеткенімізде имамдар да бұл Ұлы Жаратушымыздың есімі екендігін растады. Сол күні мекемемізге арнайы имам шақыртып, қой сойып, Құран оқыттық. Қойдың етін садақа ретінде жағдайы төмен отбасыларға үлестіру үшін мешітке өткіздік…

Р.Сұлтанқызының айтуынша, таңғажайып оқиға аспазхана қызметкерлеріне өзара жылылық ұялатып, ынтымақ сыйлаған көрінеді. Сол күннен бері ұжымда ешқандай ұрыс-керіс, келіспеушіліктер орын алмаған. Алланың құдіретін көрген олар тірліктің мәні – бірлікте, ең асыл бақыт – достық пен ынтымақ екенін іштей түйсінді, –дейді ол.

Новости Казахстана
Астанада құймақтан "Алла" деген жазу шықты (фото)
Mailfire view pixel