KZ

Қостанайлық шебер жылжымалы монша ойлап тапты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қостанайлық шебер дөңгелекті монша ойлап тапқан.

Енді жергілікті тұрғындар ауладан алыстамай-ақ, жуынуға мүмкіндік алды.

АЛЕКСАНДР ШУМАКОВ, өнертапқыш:

- Бұл автобусты алғаш көргенде, көпшілік іске жарайтынына сенімсіздік танытқан еді. Артынша моншаға айналдырғанда таңырқағандар көп болды.

Кеңес заманынан қалған көлікті кәдеге жарату мақсатында, өнертапқыш темір тұлпардан нағыз жуынатын орын ойлап тауыпты. Енді жолаушылар орындығы нағыз демалыс орнына айналған. Аз десеңіз, жуынатын бөлмелер мен терлеп отыратын орын да кеңінен жасалған. Қырық минуттың ішінде монша температурасы алпыс градусқа дейін ысиды.

Новости Казахстана
Қостанайлық шебер жылжымалы монша ойлап тапты
Mailfire view pixel