KZ

Рамзан Қадыров мас жүргізушілерді лаңкес деп атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Шешенстан Республикасының басшысы Рамазан Қадыров мас күйінде көлік жүргізетіндерді террорист деп атады деп хабарлайды muslim.kz.

Бұл жайында өзінің Twitter-інде жазған. Террористі Ібіліске телитін Қадыровтың айтуынша, мас жүргізуші мен "шайтанның" арасында еш айырмашылық жоқ. "Жол бойындағы қасірет. Мас жүргізушінің террористен айырмашылығы не? Еш айырмашылығы жоқ. Анау да, мынау да адам өлтіреді. Оларға аяушылық болмауы тиіс. Оларды қатал жазалау керек. Қазіргі уақытта жол апатынан қайтыс болған адамдардың саны соғыс кезіндегі қаза тапқандардан кем емес. Тек қатал жазалағанда ғана нәтиже шығуы мүмкін", – деп жазыпты микроблогына шешен басшысы.

Сонымен қатар, ол мұндай жағдайдың Шешенстанда кездеспейтінін айтыпты.

Новости Казахстана
Рамзан Қадыров мас жүргізушілерді лаңкес деп атады
Mailfire view pixel