KZ

Билік басындағы зейнеткерлер

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұған дейін біздің сайтта билік басындағы ең жас 10 саясаткердің рейтингін жариялаған болатынбыз.

Vласть басылымы бұл жолы билік басында отырған егде жастағы саясаткерлердің тізімін жасады. Қалай дегенмен де Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында зейнеткерлік жасқа жеткендері кемде-кем екен. Әдетте зейнет жасына жеткен шенеуніктер не саяси өмірден кетеді, не парламентте қызметін жалғастырады, не ұлттық компанияларға кеңесші болып немесе директорлар кеңесінің құрамына енеді.

Әрине, саясат сахнасындағы орны да, жасы да ең үлкені - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Биыл Президенттің жасы 72-ге келді.

Басқа шенеуніктердің ондығына тоқталсақ:

Бисенғали Тажияқов

Жасы: 66

Лауазымы: Ұлттық банк төрағасының орынбасары

Б. Тажияқов ҚазССР Мемлекеттік банкі жүйесінде осыдан 45 жыл бұрын - 1967 жылы- қызметін бастады. 1888 жылы ол Ұлттық банк төрағасының орынбасры қызметіне тағайындалды. Одан кейін бірнеше жылдар бойы жеке сектор мен үкіметте лауазымды қызметтерде - оның ішінде мемлекеттік кіріс министрі қ.а. -  жұмыс істеп келді. 1999 жылы Тажияқов Ұлттық банкке төраға орынбасары қызметіне оралып, осы күнге дейін сонда жұмыс істеуде.

Нұртай Абықаев

Жасы: 65

Лауазымы: ҰҚК төрағасы

Нұртай Абықаев  - 30 жылдан бері президент Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі. Ол 1980 жылы Назарбаевтың көмекшісі болып тағайындалса, 1990 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы ҚазССР президенті ретінде сайланғанда, оның әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол 7 жылдай жұмыс істеді. Абықаев президент әкімшілігіне екі мәрте жетекшілік етіп (1990-1995, 2002-2004), екі рет елші қызметін атқарып, екі мәрте Сыртқы істер ведомствосының вице-министрі болып, тағы да екі рет Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылық етті. 2000-ншы жылдардың ортасында Абықаев сенат спикері қызметін атқарып, елдегі екінші адам орнында болды.

Виктор Мейстер

Жасы: 65

Лауазымы: Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары

Білімі бойынша инженер-электрші Виктор Мейстер ұзақ уақыт бойы Қостанай облысының электрэнергетикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Торғай облысының әкімшілігіне жетекшілік етіп, Арқалық қаласының басшысы болды. 1998 жылы Мейстер Қостанай облысы әкімінің орынбасары, ал 1 жылдан кейін аталған аймақ әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Виктор Долженков

Жасы: 64

Лауазымы: Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков бір лауазымда қызмет атқару мерзімі бойынша абсолютты рекордшы. Ол 1992 жылы Ахметжан Есімовтың командасына Алматы облысы әкімінің  орынбасары қызметіне тағайындалып, бұл орында 16 жыл жұмыс істеді. Ал 2008 жылы Долженков Есімовтың командасына қайта оралып,  Алматы әкімдігіне қызметке орналасты.

Виктор Долженков бір лауазымда қызмет атқару мерзімі бойынша абсолютты рекордшы.

Бақтықожа Ізмұхамбетов

Жасы: 64

Лауазымы: Атырау облысының әкімі

Білімі бойынша  мұнайшы болып табылатын Ізмұхамбетов 35 жыл бойы мұнай кәсіпорындарында жұмыс атқарды. Ол бұрғылаушыдан бастап, ұлттық компанияның басқарушы директоры лауазымына дейін өсті. 2006 жылы Ізмұхамбетов Энергетика мен минералды ресурстар министрлігіне басшылыққа келіп, бір жылдан кейін БҚО әкімі болып тағайындалды. 2012 жылы мәжіліске депутат болып сайланып, палатаның вице-спикері атанды. Алайда осы жылдың тамыз айында ол туған жері Атырау облысына қайта басшылыққа тағайындалады. Ізмұхамбетов - зейнет жасына жеткен Қазақстандағы жалғыз әкім.

Ізмұхамбетов - зейнет жасына жеткен Қазақстандағы жалғыз әкім.

Ляззат Қиынов

Жасы: 63

Лауазымы: "Қазмұнайгаз" басқарма төрағасы Білімі бойынша мұнайшы. ЖОО тәмамдағаннан кейін Ляззат Қиынов 20 жыл бойы өзі туып-өскен Маңғышлақтағы кен орындарында жұмыс істеді. 1993 дылы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Екі жылдан кейін Үкіметке келіп, Мұнай және газ вице-министрі, кейін стратегиялық маңызды Каспий құбыр жүргізуші консорциумында директор орынбасары қызметін атқатарды. Ал 1999 жылы өзінің туған аймағына әкім болып қайта оралады. 2002 жылы Қиынов аз уақытқа "Қазмұнайгаз" басшылығына келіп, одан кейін қайта Үкіметте жұмыс істейді. Ал Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін Ляззат Қиынов қайтадан еліміздің ұлттық жетекші  мұнай компаниясының басшылығына тағайындалады.

Владимир Школьник

Жасы: 63

Лауазымы: "Қазатомпром" басқарма төрағасы

Білімі бойынша инженер-физик Владимир Школьник 20 жыл бойы Маңғышлақ энергокомбинатында жұмыс істеп, одан кейін үкіметке жұмысқа шақырылады. 1992 жылдан бастап ол Министрлер кабинетінде тұрақты жұмыс істеп, білім, энергетика, индустрия мен сауда, энергетика мен минералды ресурстар және индустрия мен сауда салаларын басқарды. Ол сондай-ақ вице-премьер қызметін атқарды. Ол да үкіметтегі бірнеше жоғары лауазымдағы қызметтер саны мен мерзім бойынша рекордшы болып табылады. 2007-2008 жж. Школьник президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды. Үкіметке қайта оралып, аз уақыт жұмыс істегеннен кейін ол 2009 жылдың мамыр айынан бастап ұлттық "Қазатомпром" компаниясына басшылыққа келеді.

Школьник үкіметтегі бірнеше жоғары лауазымдағы қызметтер саны мен мерзім бойынша рекордшы болып табылады.

Владимир Божко

Жасы: 63

Лауазымы: ТЖ бойынша министр

Владимир Божко 30 жылдан астам Мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздік органдарында жұмыс істеп келді. Оның ішінде Көкшетау және ШҚО ҰҚК басқармаларына басшылық етті. Сондай-ақ қарсы бақылау (контрразведка) басқармасына жетекшілік етіп, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдың қараша айынан бастап, Виктор Храпуновтың шулы отставкасынан кейін ол Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

Қабиболла Жақыпов

Жасы: 63

Лауазымы: Мәжіліс вице-спикері

Тағы бір рекордшы, бұл жолы аймақ әкімі лауазымындағы қызмет мерзімі бойынша. Жақыпов БҚО-ға 8 жыл үздіксіз басшылық етті. Одан кейін ол Үкіметке ауысып, Көлік және коммуникация ведомствосының бірінші вице-министрі қызметін атқарып, Парламент пен Сенаттағы Үкіметтің өкілдігіне басшылық етті. 2007 жылдан бері - мәжіліс депутаты. Ал 2012 жылы орындаушы билікке өткен Бақтықожа Ізмұхамбетовтың орнына вице-спикер болып келді.

Қабиболла Жақыпов - БҚО-да 8 жыл әкім болып, аймақ әкімі лауазымындағы қызмет мерзімі бойынша рекорд орнатты.

Лена Кармазина

Жасы: 60

Лауазымы: Қаржы вице-министрі

Лена Кармазина – министрліктердің басшылығында қызмет атқарып келе жатқан зейнет жасына шыққан аз әйелдің бірі. Ол ұзақ уақыт бойы Қаржы министрлігі жанындағы ғылыми мекемелерде жұмыс істеп, 1996 жылдан бастап Үкімет жұмысына ауысты. 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2010 жылдан бастап Қаржы вице-министрі қызметін атқарып келеді.

Новости Казахстана
Билік басындағы зейнеткерлер
Mailfire view pixel