KZ

Қазақстан KazSat-3 жер серігін бір жылдан кейін ұшырады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстанның "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігі үшінші KazSat жер серігін 2013 жылдың аяғы – 2014 жылдың басында ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомство басшысы Талғат Мұсабаев.

Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" жазады.

"Біз туралы көрермендерде санын қуалап жүр деген теріс пікірдің қалыптаспауы үшін таяу болашақта 2013 жылдың аяғы – 2014 жылдың басында үшінші KazSat жер серігін ұшырғалы отырмыз. Осындай жер серіктері бар маңызды ел, орбитада бір ғана жер серігінің болуына жол бере алмайтындығын түсіну керек", - деді Мұсабаев сәрсенбідегі конференция барысында.

"Дұрыс және сенімді жұмыс істеу үшін кем дегенде бір резервтік жер серігі болуы тиіс", - деп түсіндірді ол.

Новости Казахстана
Қазақстан KazSat-3 жер серігін бір жылдан кейін ұшырады
Mailfire view pixel