KZ

Қазақстан жемқор 50 мемлекеттің қатарына енді

Расcказать Вконтакте

Қазақстан Transparency International ұйымы құрастырған жылсайынғы дүниежүзілік жемқорлық рейтингісінде былтырғыдан 13 сатыға түсіп, 133-ға тұрақтады, деп хабарлайды BNews.kz.

Сәрсенбі күні таңертең белгілі болған рейтинг мәліметтеріне сәйкес, оған қатысқан 176 елдің ішінде 133-орынды биыл Қазақстанмен бірге Ресей, Иран, Гайана, Гондурас пен Комор аралдары елдері өзара бөлісіп отыр.

Бір қызығы, былтырғы 182 ел қатысқан рейтинг көрсеткішімен салыстырғанда Ресей өз жағдайын 10 сатыға жақсартса (2011 – 143 орын), Қазақстан керісінше 13 сатыға төмендетіп алған (былтыр – 120). Transparency International құрастырған 2012 жылғы дүниежүзілік жемқорлық рейтингісінде 1-орынды былтырғы көшбасшы ел – Жаңа Зеландиямен бірге Финляндия мен Дания елдері бөлісіп отыр.

Көрші Қытай жемқорлық жағынан 80-орында болса, Өзбекстан мен Түркіменстан 170-орынға жайғасқан. Қырғызстан 154-орында. Ең соңғы орында: Ауғанстан, Сомали мен Корея (174-орын) елдері.

Айта кету керек, елімізде парақорлыққа қарсы қанша ауқымды шаралар жүргізіліп жатқандығына қарамастан, дүниежүзілік жемқорлық рейтингисі бойынша еліміздің көрсеткіші жыл сайын жақсарудың орнына төмендеп барады. Мәселен, 2010 жылы 105-орында болсақ, былтыр 120-орынға түскен едік, биыл тағы 13 сатыға төмендеп қалдық.

Новости Казахстана
Қазақстан жемқор 50 мемлекеттің қатарына енді
Mailfire view pixel