KZ

Владислав Челах туралы оның жақындары мен достары не дейді?

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Салмақты, ешкімде шаруасы жоқ және топ бастап алға шыға қоймаған Владислав Челах туралы оның жақындары мен достары не дейді?

Арқанкергендегі он бес адамның қанын мойнына арқалады деп айыпталып отырған таныстары туралы олар не ойлайды?

Челахтың анасы Светлана Ващенкомен бірнеше жылдан бері базарда бірге жұмыс істеп келген Елена Антонова мен Таисья Самойленко Владты бала кезінен таниды. Айтуларынша, Челах мектепте де, училищеде де тыныш, салмақты бала болған.

Аздап қорқақтығы болғанымен, өмірге өкпесі жоқ сынай танытатын дейді жақындары. Сондықтан үлгілі баланың басындағы жағдай әрқайсысымызды есеңгіретіп тастады дейді.

Олар бұл іске Елбасы Н.Назарбаев араласып, оқиғаның мән-жайын жіті қадағалауына алуы керек деген пікірде. Ешкімге саусағымен де тиіспейтін Владтың 15 адамды өлтіруі мүмкін емес дейді. Олар оқиғаны Қазақстанның трагедиясы деп атады.

Ал Елена Антонова Владиславтың қанның түрінен қорқатынын айтып, бірде саябақта орын алған жасөспірімдердің төбелесі кезінде тіпті есінен танып қалғанын мәлімдеді. Ал осы уақытта Арқанкерген оқиғасына қатысты өтіп жатқан сотты Владқа жасалған қысым деп бағалауда.

Владислав Челахтың өмірбаянынан да ерекшелік байқалмайды. Жеткіншек мектеп аяқтаған соң, кәсіби оқу ордасында машинистің көмекшісі болып білім алған екен.

Новости Казахстана
Владислав Челах туралы оның жақындары мен достары не дейді?
Mailfire view pixel