KZ
Қазақстан халқының 60 пайызы кедей тұрады
Новости Финансы

Қазақстан халқының 60 пайызы кедей тұрады

Расказать Вконтакте
Қазақстан халқының 60 пайызы кедей тұрады

Еуропа статистика қызметі Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің тұрғындарының әлеуметтік жағдайын сүзгіден өткізіпті.

2011 жылы 119,6 миллион еуропалық (24,2 пайызы) қаржылай тапшылық көріп, материалдық қиындыққа душар болған. Мәселен, 2010 жылы 23,4 пайыз, 2008 жылы 23,5 пайыз адам сондай күй кешкен.

Ең кедей халық Болгария халқы екен (49,1 пайыз). Румыния мен Латвия – 40 пайыз, Литвада – 33 пайыз, Грекия мен Венгрияда 31 пайызды құрап, ең кедей елдердің алдыңғы легін бастаған.

Ал, кедейі ең аз ел ретінде Чехияда – 15 пайыз, Голландия мен Швецияда – 16 пайыз, Люксембург пен Австрияда – 17 пайыз көрсеткіш болған.

Дүйсенбі күнгі қорытынды бойынша, Грекия экономикалық жағынан құлдыраған ең проблемалы елдердің қатарына кірді. Соңғы төрт жыл ішінде Грекияда жұмыссыздық мәселесі күрт өскен. 2008 жылы жұмыссыздар қатары 7,6 пайызды құраса, 2012 жылы 23,5 пайызды құраған.

Ал, еліміздегі Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Қанат Берентаевтың айтуынша, Қазақстан халқының 60 пайызы кедей тұрады.

Ал, басқа сарапшының пікірінше, Қазақстандағы ең бай адам мен ең кедей адамның әлеуметтік жағдайының айырмасы 30 есе. Осы көрсеткіш бойынша, дәулеттілер мен кедейлердің қалтасының айырмашылығы 4,8 есеге өскендігін көрсетеді. Төртінші тоқсанның қортындысы бойынша, еліміздегі кедейлердің қатары 40 пайызды құраған. Яғни, бұл көрсеткішті халықтың қыркүйектегі бір айлық табысына қарап есепке алса керек (18 048 теңге).

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии