KZ
Қырғызстандық көлік иелері Алматыда наразылық танытты

Қырғызстандық көлік иелері Алматыда наразылық танытты

Расcказать Вконтакте

20-ға жуық нөмірі қырғызстандық көлік иелері Алматы қалалық прокуратура алдында наразылық танытып, тәркіленген көліктерін қайтаруды талап етті.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың ақпан айында жол полицейлері мен кеденшілер еліміздегі қырғыз көліктерін уақытша сақтау қоймасына тоғытқан болатын. Ашынған ереуілшілерге шыққан қалалық прокуратура қызметкері Ішкі істер департаментінде ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын, сақтау қоймаларында көліктердің жоқтығын айтуда.

Алайда, екінші тарап, кеденшілер кезінде өздері өткізіп жіберген 80 мың қырғыз көлігін енді заңды бұзды деп, 2-бап бойынша үстерінен шағым түсіргенін алға тартты. 10 айдан бері көліктерін қайтара алмай жүргендер, мемлекетке 460 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге дайын, тек қайтарса болғаны дейді.

Естеріңізге салайық, 19 наурыздан бастап, Қазақстан аумағында көрші елде тіркеуде тұрған көліктерді мінуге тыйым салынған болатын.

ЕСІМОВ АЛМАТ, көлік иесі:

- Бізге екі статья бойынша қылмыстық іс қозғап отыр, бізге сендер заңды түрде кеденнен өтпегенсіңдер деп, біз секіріп өткен жоқпыз ғой, екінші статьясы біз құжаттарды заңсыз жасаппыз.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel