KZ

Владислав Челах сот отырысына келді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүгін, 28-қараша күні "Арқанкерген" оқиғасы бойынша өтіп жатқан қылмыстық істің басты айыпталушысы Владислав Челах сот отырысына келді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бірақ, ол бүгін де сот отырысына қатысудан бас тартып, тек іс материалдары толық зерттеліп болғаннан кейін ғана жауап беретінін айтты.

"Мен іс матерталдары толық зерттеліп біткеннен кейін ғана жауап беремін", - деді В.Челах.

Бүгін ол тек құпия деректер бар материалдарды зерттеуге қатысатын болды. Судьяның "дәл қай күні келіп жауап бере аласыз" деген сұрағына: "Қайталаймын, мен іс матерталдары толық зерттеліп біткеннен кейін ғана жауап беремін. Дәл бүгін сот отырысына қатыспаймын", - деп жауап берді.

Новости Казахстана
Владислав Челах сот отырысына келді
Mailfire view pixel