KZ

Ақтөбе облысы радикалды исламның ошағына айналып барады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Осылай деп дабыл қаққан өңірдің құқық қорғау қызметкерлері, биылдың өзінде 15 тұрғын лаңкестік әрекеті үшін сотталғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Ақтөбенің түрмелерінде исламның теріс ағымын ұстанған 300 адам жазасын өтеуде.

Ақтөбе өңірінде теріс ағымды насихаттап жүрген 400-ге жуық адам полицияның бақылауына алынып, 23 діни бірлестік жабылғанымен, олардың жетегінде кеткен жастардың қатары азаяр емес. Себебі, жат ағымға бас ұрғандардың дені 30-ға толмаған жастар деген құзырлы орындар, діни ахуалды қалпына келтіріп, күрес жүргізу үшін теолог мамандардың жетіспейтіндігін айтады.

Ал, экс-депутат Амангелді Айталының пікірінше, жастарды жөн-жосықсыз қуғынға салып, әділетсіздік орын алғандықтан, олар полицияға тиіседі. Өйткені, біздегі құзырлы орындар қылмыстық әрекет пен экстремизмді ажырата алмайды екен.

Новости Казахстана
Ақтөбе облысы радикалды исламның ошағына айналып барады
Mailfire view pixel