KZ
Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны "бомж" атанды
Новости Финансы

Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны "бомж" атанды

Расказать Вконтакте
Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны "бомж" атанды

Баспана мәселесі қазақстандықтардың үштен бірін мазалап жүр.

Отандастарымыздың 29%-да ешқандай баспана жоқ екен. Тағы 37%-да баспанасы бар болғанымен жағдайы қанағаттанарлық емес деп жазады Экспресс-К.

Орташа есеппен Қазақстандағы жаңа баспана қолжетімділігінің индексі 5,5 жылды құраса, екінші кезектегі үйге ие болу үшін 4,1 жыл қажет.

Ипотекалық несиелендіру 2007 жылы өзінің шарықтау шегіне жетті (418 млрд теңге), ал 2009 жылы 68 млрд теңгеге дейін құлдырады. Қазір несиелендірудің бұл түрі ақырын болса да өсіп келеді, мәселен, 2011 жылы бұл көрсеткіш 126 млрд теңгеге жеткен. Дегенмен бұл дағдарысқа дейінгі 2005 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда төмен.

Баспана мәселесін шешуде мемлекеттік тұрғын үй құрылысының үлесі 2005 жылы 15%-ды құраса (дағдарыс жылдары - 9–10%), 2010–2011жылдары - 27% және сәйкесінше 26% құрады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық  әл-ауқат қоры 2020 жылға дейін жалға берілетін баспананың 1 млн шаршы метрін өткізуді жоспарлап отыр. Еске сала кетсек, жалға берілетін баспананы кейін сатып алуға болады.

Аймақтарда баспананың 1 шаршы метрі 144 мың теңгеден, ал Астана мен Алматыда - 180 мың теңгеден аспауы тиіс мемлекеттік бағдарламаға ел тұрғындары тек бір мәрте қатыса алады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии