KZ

Қазақстанда балағат сөзге үйір әйелдер көбейді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Петропавлда балағат сөз үшін сотталғандардың саны күрт өсіп кеткен.

Бейпіл ауыздарды анықтау негізінен оңай шаруа емес. Кінәні дәлелдеу үшін кем дегенде екі куәгер қажет. Осыған қарамастан жыл басынан бері аузына ие бола алмаған 200 адам соттың жазасын алған.

Оларға салынатын орташа айыппұл көлемі - 15 мың теңге. Ал төлей алмағандары 3 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауда болады. Бір қызығы, балағат сөйлеп, заң алдында жауап бергендер арасында түрлі сала мамандары бар.

ГҮЛНӘР МӘСІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ КЕҢСЕ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Жауапқа тартылғандар арасында терапевт-дәрігер де болды. Оның ісін бір емес екі мәрте қарадық. Одан кейін пәтер иелері кооперативтерінің төрайымдары, темір жол бекеті кадрлар бөлімінің қызметкерлері де, темір ұстасы да, күзетші де, аула тазалаушылар да, тіпті аспаздар да болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балағат сөздердің қоғамға кірігіп кеткендігі соншалық, тіпті әйелдер еркектердің алдын орап кеткен. Мәселен кәмелетке толмаған баласы бар жас келіншек бір жылда 7 рет сотталса, бейпіл сөйлеушілердің ең егдесі 73 жастағы әжей болып шықты.

Новости Казахстана
Қазақстанда балағат сөзге үйір әйелдер көбейді
Mailfire view pixel