KZ

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді

Расcказать Вконтакте

2012жылғы 7 қарашада жаңартылған ФИФА-ның футболдан ұлттық құрамалар рейтингісінде Қазақстан құрамасы 7 орынға жоғары көтеріліп, 140-шы орынды иеленді.

Жаңа рейтинг Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында (www.fifa.com) жарияланды. Өткен айда біздің команда 147-ші орында болған еді.

Көш басында Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, екінші - Германия, ал Аргентина үшінші орында.

ФИФА рейтингісі бойынша әлемнің үздік 10 құрамасының қатарынан Испания, Германия, Аргентина, Португалия, Италия, Англия, Нидерланды, Колумбия және Ресей мен Хорватия көрінді.

Бір қызығы футбол десе ішкен асын жерге қоятын Бразилия құрамасы тағы да ондыққа ене алған жоқ. Пеле отандастары 13-ші орында келеді.

 

Новости Казахстана
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді
Mailfire view pixel