KZ

Миллионер Мекке көшесін сыпырып келген

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Саудиялық тұрғындар бес жыл бойы Мекке көшесін қоқыстан тазартып, сыпырып келген бангладештік азаматтың миллионер екенін біліп таңғалды.

Көше тазалаушы Хусейін Жахар ауқатты отбасында дүниеге келген, 17 миллион риал қаржысы бар қалталы азамат болып шыққан Ол қарашаның 2-сі, жұма күні әдеттегідей ат-Таним мешітіне (Айша мешіті) қарама-қарсы көшені сыпыруға кіріскен Хусейін Жахарды әлдебір бангладештік қажы танып қалады деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Оның есімін бірнеше мәрте айқайлап атап шақырады. Әрі-бері өткен жүргіншілер мұны басқаша жорып, "көше сыпырушы қажыны ренжітетіндей қылыққа барған шығар" деп ойлайды. Бірақ көше сыпырушының жанына жеткен бойда қажы оны бас салып, қапсыра құшақтайды. Екеуі де сол жерде көз жасына ерік береді. Кейін белгілі болғандай, бангладештік қажы Мекке көшесін сыпырып жүрген Хусейін Жахардың үлкен ағасы болып шығады. Сөйтсе, ағайындылардың ата-анасы қайтыс болғаннан ағасы Жахар Хусейінге тиесілі үлесті (17 миллион риал) қимай, өзінің атына жаздырады.

Бұған ренжіген Хусейін Жахар Бангладештен қарасын батырады. Осылайша Мекке көшесін сыпырып келген Хусейіннің ауқатты отбасынан шыққандығы, оның туыстары жоғары лауазымды қызметтерде істейтіндігі белгілі болды, деп хабарлайды islammemo.cc.

Оның үлкен бауыры өкініштен өзегі өртеніп, әділетсіз қылығы үшін інісінен кешірім сұрап, өзімен бірге елге оралуын өтінді әрі інісіне тиесілі мұраны қайтарып беретіндігіне уәде етті. Ол тілшілерге отанына оралатынын, осы бес жылдың ішінде жоқшылықты өз басынан өткеріп, оның қандай болатынын сезінгенін, соған байланысты кедей-кепшіктерге әрдайым көмектесетінін айтып, сұхбат берді. "Мен ешкімді ешқашан жәбірлемеймін. Өйткені, Аллаһ бұған тыйым салған", – деді Хусейін сөзінің соңында.

Новости Казахстана
Миллионер Мекке көшесін сыпырып келген
Mailfire view pixel