KZ

Қызылордада "КСРО аллеясы" пайда болады (фото)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жасұлан Шынтасов айтып берді.

"Бірнеше тарихи аллея облыс орталығында Сырдария жағалауында салынатын жаңа мәдениет саябағында жасалады, - деді ол. – Бұл қазақ батырларының аллеясы, кеңес кезеңінің аллеясы, және мүмкін, музыкалық мәдениет аллеясы мен тағы басқалары болады. Біз үшін тарихи құндылықтар өз күшін жоймай, ұрпақтарымызға мұра боп қалғаны маңызды".

"КСРО аллеясында өткен ғасырда Қызылорданың көшелеріне сән берген өткен дәуірдің батырларына ескерткіштер орнатылады, - деп атап айтты Шынтасов. – Қазір Лениннің бюсті, Ворошилов сияқты қолбасшылардың мүсіндері, Горький, Гоголь, батыр-пионерлер ескерткіштері саябақтар мен скверлерден алынып тасталды. Бірақ олардың бәрі дін аман, біраз қалпына келтірілсе болғаны, тіпті "кеңестік" кезеңнің көптонналы мүсін композициялары да жағалаудағы жаңа саябақтан міндетті түрде өз орындарын табады".

Новости Казахстана
Қызылордада "КСРО аллеясы" пайда болады (фото)
Mailfire view pixel