KZ
Бүгін елдегі ірі компаниялар өз акцияларын сатуды бастайды
Новости Финансы

Бүгін елдегі ірі компаниялар өз акцияларын сатуды бастайды

Расказать Вконтакте

Алғашқылардың бірі болып "КазТрансОйл" есігін ашты. Қаржы құралының бұл жаңа түрі,  кімге тиімді болмақ?

Бүгін елдегі ірі компаниялар өз акцияларын сатуды бастайды

Жарнамасы жер жарған бұл науқан 4-5 жылдан кейін елдің қарсылығына ұшырайды деп топшылайды халық қалаулылары. Мәжіліс депутаты Әбенов мырза іргелі компаниялар қарапайым халыққа қолжетімді бағамен акцияларын сатады дегенде елең еткен көпшіліктің көңілі су сепкендей басылды дейді. Тіпті, халықтық деген аты да өзіне сай емес деген пікірде. 

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

-Менің ойымша, қарапайым кісілерге арналмаған сияқты. Себебі, 7 миллион теңгеге бір қолға акция сатып алуға болады дейді. Қандай қарапайым халықта ондай ақша бар? Қазір өздері зерттеу жасады. Сатып аламын деген азаматтар жеті-ақ пайыз.

Өз ұсыныстары мен шарттарын көпке түсіндірген "КазТрансОйл" акция сататын алғашқы компания. Осы уақытқа дейін 20000 азамат ұсыныс білдіріп үлгерді деп қуанып отыр басшылар. Кімнің бағы, кімнің соры болары белгісіз бұл бастама.

ҚУАНДЫҚ БИШИМБАЕВ, "Самрұқ-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:-Осы аптада Үкімет құптап, баға мөлшерін талаптарын бекітіп, "КазТрансОйл" компаниясының акциялары халыққа сатыла бастайды. Ертеңнен бастап өтініштер қабылданып, 38  463 559 акция сатылады деп жоспарлануда.Ұлыбританияны үлгі етіп алған отандық қаржы институты "Халықтық ІРО" өте тиімді, компаниялардың табысы барынша жария болатынын алға тартуда. Ал жалпы, халықтың бір бөлігі бұл науқаннан хабарсыз болса, бір бөлігі үмітін мүлде үзген.Демек, халыққа арналған бұл науқаннан халық әлі де хабарсыз. Бұл да қаржысы бар адамдардың қалта қампайтуы болмасына кім кепіл? 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии