KZ
Қазақстандықтар биыл жаппай жаңа көліктерге отырды
Новости Финансы

Қазақстандықтар биыл жаппай жаңа көліктерге отырды

Расказать Вконтакте

Қазақстандықтар жаңа көліктер сатып ала бастады, деп хабарлайды caspionet.kz.

2012 жылдың ІІІ тоқсанында көлік сату көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мәселен, шілдеден тамыз айлары аралығында республикамызда 25 мың 484 жеңіл автокөлік сатылған. Бұл былтырғы жылдан екі есе көп. Алайда ІІ тоқсандағы өсімге шаққанда 4,12% болды.

2012 жылдың 9 айының есебі бойынша, еліміздегі автокөлік сату орталықтарында 64 мың 909 жеңіл авто сатылған. Нәтижесінде су жаңа көліктердің сатылым ауқымы екі есеге артып отыр. Бұл туралы Kapital.kz сайты хабарлайды.

Қыркүйек айында 8 мың 540 жеңіл көлік сатылды. Бұл былтырғы нәтижеден екі есе артық көрсеткіш. Және осы көрсеткіштер отандық автокөлік нарығындағы сауданың рекордын орнатты. Негізінен халық ресейден келетін автокөліктерді көптеп сатып алуда.

III тоқсанда жалпы саудадағы ресейлік көліктердің үлесі 49,24% құрады. 24,17% шетеліктік автолар иеленді. Ал отандық көліктердің 19,8% сатылған. Өзбек ағайындардікі жалпы үлесте 6,78%. Сондай-ақ, отандастармыз негізінен Lada, Toyota және KIA маркаларына басымдық берген.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии