KZ
Қазақстандық жастардың 98%-ы интернетті тұрақты қолданады

Қазақстандық жастардың 98%-ы интернетті тұрақты қолданады

Расcказать Вконтакте

Мұндай мәліметті BNews.kz тілшілері жүргізген сауалнама көрсетті. Қазақстандық жастардың барлығы интернет-қолданушы болып табылады: жинақтай келгенде 98%-ы интернетті тұрақты пайдаланады.

70%-ы әлемдік желілерді жиі, 20%-дан астамы оқта-текте қолданады. Жастар интернеттің мүмкіндігін әр түрлі мақсатта пайдаланады. Интернет көңіл көтеру, білім беру құралы болып табылады: сұралғандардың 70%-ы хат-хабар алмасса, жастардың әрбір екінші өкілі әлеуметтік желілерді қолданады, және сұралғандардың 90,7%-ы әлеуметтік желілерде тіркелген.

Олардың 8%-ының ғана әлеуметтік желілерде жеке аккаунты жоқ. Интернет желісінің ақпарат көзі ретіндегі рөлі артуда, сұралғандардың жартысынан астамы жаңалық оқиды, 30%-ға жуығы интернетті кітапхана ретінде қолданады.

Қазақстанда әзірге интернет дүкендердің даму қарқыны төмен, 12,6%-ы ғана интернетте сауда жасайды. Рунет ресурстары, әсіресе, "Мой мир" мен "ВКонтакте" көп қолданылады. Facebook қолданушыларының саны артып келеді. "Мой мир" барлық жастағы топтар арасында кеңінен танымал. Өйткені оның қолданушылары mail.ru почта қызметі мен m-agent қосымшасының да қолданушысы болып табылады. "Одноклассники" желісінің рөлі төмендей бастаған, оның орнын Facebook әлеуметтік желісі басып отыр.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel