KZ
Құмар ойынды насихаттайтын сайтқа Құран аяттары шығып кеткен

Құмар ойынды насихаттайтын сайтқа Құран аяттары шығып кеткен

Расcказать Вконтакте

Францияда "Euromillions лотереясы" деген атпен танымал сайт хакерлердің шабуылына ұшырап, бастапқы бетіне құмар ойынды айыптайтын Құран аяттары шыққан.

Өздерін "Moroccanghosts" деп атаған хакерлер тобы өздерін шабуылға қатысы барын жариялап, араб және француз тілдерінде хабар таратқан деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Лотерея сайтының бастапқы бетінде шығып кеткен Құран аяттары "Құмар ойындар мен ішімдік Жаратқаннан алыстататын "шайтанның ісі" деген мағынаны білдірген. Исламда құмар ойындар мен ішімдікке тыйым салынғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Францияға "Euromillions лотереясын" ұсынатын Francaise Des Jeux компаниясы өзге ұтыстарына зиян келмегенін мәлімдеді.

Франциялық БАҚ хабарлағандай, діни мазмұндағы мәтін лотерея сайтында жексенбіге қараған түні жарық көрген. Алайда, діни мәтінді алып тастаса да сол күні кешкісін сайтты ашу мүмкін болмапты.

Francaise Des Jeux-тің арнайы мәлімдемесінде айтылғандай, компания ұсынатын ойындардың бірде-біреуінде діни мәтін жоқ және осыған орай шабуылға ұшырайтындай себеп те жоқ. Компания өкілдері неге бұлай болғанын білмей, бастары қатуда. Олар құмар ойынының ислам шариғатына қайшы екенін сезбеген секілді.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel