KZ
Адамның жаны мәңгі жасайды екен

Адамның жаны мәңгі жасайды екен

Расcказать Вконтакте

Америкалық танымал анестезиолог Стюарт Хамерофф жанның жүрек тоқтаған соң да өмір сүре беретіні туралы теорияға дәлел табылғанын мәлімдеді.

Оның жаңа тұжырымы бойынша, адамның өзі өлсе де, оның миындағы ақпарат мәңгі тіршілікпен бірге жалғаса береді, деп жазады Алаш айнасы.

Radar Online порталының хабарлауынша, ғалым адамның жаны қарапайым ней­рондармен өлшенетін нәрсе емес, одан да жүйелі құрылым деп отыр.

"Меніңше, адам­ның сана-сезімі әрқашан әлемнің өзімен тығыз байланысты. Адамның жүрегі тоқтағанда, оның өмірі аяқталғанымен, жаны, сана-сезімі әлеммен бірге өмір сүре береді. Бас мида сақталған ақпараттар ешқашан өлмейді, клиникалық өлімді бастан кешкендердің беймәлім ақ дәлізбен жүргендей әсер алатыны сондықтан", – дейді С.Хамерофф.

Ғалым­ның айтуынша, келешекте өліп-тірілген адамдардың өз жанының денесінен қалай шыққанын немесе қалай қайтып кіргенін көруге мүмкіндік беретін технологиялар жасалуы тиіс.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel