KZ
Аслан Мусин: Жаңаөзенде оқ атуға бұйрық берген жоқпын

Аслан Мусин: Жаңаөзенде оқ атуға бұйрық берген жоқпын

Расcказать Вконтакте

Қазанның 29-ы күні guljan.org веб-сайты республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинге сегіз сұрақтан тұратын хат жолдағанын жазған болатын.

Қарашаның 1-і күні веб-сайт Мусиннен келген жауап деп, есеп комитеті төрағасының қолы бар жауап-хат жариялады.

Guljan.org жариялаған жауапта "Сіздің президент әкімшілігі жетекшісі қызметінен кетуіңіздің себебі не және ол қызметтен мәжбүрлі түрде кеттіңіз бе, ерікті түрді кеттіңіз бе?" деген сұраққа "Президент әкімшілігінің жетекшісі болып төрт жыл қызмет атқардым. Осы уақыт ішінде еңбек демалысын алмастан жұмыс істеуге тура келді. Мен президенттен басқа жұмысқа ауыстыруын сұрадым" деген жауап жазылған.

Бұдан бөлек, веб-сайтқа келген жауап-хатта Аслан Мусиннің Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен "тек жұмыс барысында ғана араласқаны" жазылған.

Мусиннен келді делінген жауап-хатта Жаңаөзен оқиғасы туралы сұраққа "Мен Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер туралы 2011 жылы 16 желтоқсанда, күндізгі сағат 12:30 шамасында құқық қорғау органдары басшыларының баяндамасынан естідім. Қару қолдану туралы бұйрықты мен де, ел басшылары да берген жоқ" деп жауап берілген.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel