KZ
Қазақ шопандары АҚШ-та арнайы курстан өтеді

Қазақ шопандары АҚШ-та арнайы курстан өтеді

Расcказать Вконтакте

Қазақ қой бағудан да қалып бара ма? Бұдан былай қазақтың шопандарына шетелден әкелінетін ірі қараларды қалай бағу керектігін америкалықтар үйретпек.

Төрт түліктің бабын тауып, төлдету сияқты бұл кәсіптің қыр-сырын білетін кәдімгі шопандардың шоғырын дайындау кезек күттірмейтін мәселеге айналған. Келесі айдан бастап, малшының таяғын ұстағасы келетіндер, АҚШ-қа барып, арнайы курстан өтіп қолына сертификат алып қайтулары тиіс.

Ата кәсіптің тінін үзбей келе жатқан шопандардың біразы қазірдің өзінде мал бағудың заманауи үлгісіне көшіп үлгерген. Кейбірі, бұрынғыдай малды ысқырып қайырмайды, сиырларын ғаламтор арқылы жайып жатыр.

Мысалы, Павлодарлық шаруа Александр Песоцкий шетелдік құрылғыны сиырларының мойнына орнатып, спутник арқылы төрт аяқты жануардың қайда жүргенін бақылап отырады. Егер, сиырлар иесі белгілеген аумақтан асып кетсе, онда қондырғы дабыл қағып иесіне хабарлайды.

Хабар екі жолмен жеткізіледі. Біреуі Александрдың қолындағы қалта телефонға хат арқылы келсе, екіншісі оның ғаламтордағы мекен-жайына сиырлардың дәл мекен-жайын жібереді. Америкадан әкелінген күзетші құрылғының бағасы 5 мың теңге.

Ауылдасының ерекше бастамасына қызыққан көршілері қазірдің өзінде тапсырыс беріп әлек. Жас жігіттің ойынша жуырмаңда, мал ұрлығы тоқтайды. Заманауи құрылғылар арқылы сиыр тұрмақ қорадағы тауықтың қайда жүргенін бақылап отыратын күн алыс емес.

АЛЕКСАНДР ПЕСОЦКИЙ, шаруа:

-Бұл құрылғы мал ұрыларына қарсы қолданатын ең үлкен қару. Бағасы да қымбат емес. Сол себепті, шаруаларға бұл өте керек екенін ерекше атап өткім келеді.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel