KZ
Алматы облысында үй өртеніп, нәресте көз жұмды

Алматы облысында үй өртеніп, нәресте көз жұмды

Расcказать Вконтакте

Алматы облысында саяжай үйінде өрт болып, шатырының құлауы салдарынан жаңа туған нәресте қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Боралдай кентінде 31 қазан күні "Ветеран" саяжайлық қоғамындағы үй отқа оранып, шатыры опырылып құлады. Жалын тілі 100 шаршы метр аумаққа тарады.

ТЖ орнында 2012 жылғы нәрестенің мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі 8 адам мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel