KZ
Ресейліктер Абылай хан тұлғасына қызығушылық танытты

Ресейліктер Абылай хан тұлғасына қызығушылық танытты

Расcказать Вконтакте

Абылай ханның тұлғасы ресейліктерді де қызықтыра бастады. Қазақ билеушісінің замандастарына жазған ресми хаттары көрші ел ғалымдарының назарын өзіне аударуда.

"Аты аңызға айналған Абылай ханның тарихи тұлғасы қыпшақ тілінде шифрленген хаттар оқылғаннан кейін басқаша көріне бастады", - дейді зерттеушілер.

Керемет мәмілегер, дана билеуші, өз халқының ұлы тұлғасы болған бабамыздың өмірі жайлы жаңаша мәліметтерді Жетінші арнаның Омбы қаласындағы тілшісі жеткізеді. Абылай ханның дипломатиялық хаттары Омбы Мемлекеттік мұражайындағы ең құпияға толы қор саналады. 18 ғасырға тиесілі осынау жүздеген құжаттар жақсы сақталғанымен, әлі күнге зерттелмей келеді. Құжаттардың көбі қыпшақ тіліндегі шрифтермен жазылу себебінен оны санаулы ғана мамандар түсіне алады.

ЛЮДМИЛА ОГОРОДНИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙДЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Соңғы кезде біз бұл құжаттарды зерттей бастағанымызда көптеген жаңа әрі тың дүниелер шығып жатыр. Кезінде Абылай ханның дипломатиялық хаттарын Сібір корпусының әскери-жаяу канцелярия командирі жинап жүріпті. Оны ресейлік және қазақстандық тарихшылар зерттей келе, танымал тұлға бейнесінің өте анық нұсқасын жасай алыпты.

ЛЮДМИЛА ОГОРОДНИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙДЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Ресейдің билік басындағылар сол кезде қазақ ханы Әбілмәмбет болғанына қарамастан, дипломатиялық және экономикалық қарым қатынасты дәл осы Абылай ханмен жүргізіп келген. Өйткені, ол білікті басшы ретінде танылған еді.

Сондай-ақ қордағы құпия құжаттар Абылай ханның қайтыс болу себебін нақтылауға септігін тигізіпті. Бұған дейінгі жорамалдардың бірінде оған у берген деп айтылатын. Алайда жуырда ғана ұлы қолбасшының 80 жасқа қараған шағында өз отбасында қайтыс болғаны анықталды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel