KZ
Алматы облысында директор мектеп ішінде дүкен ашқан

Алматы облысында директор мектеп ішінде дүкен ашқан

Расcказать Вконтакте

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Теректі ауылындағы Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің директоры Р. Қалабаева аудандық білім бөліміне ескертпей дүкен ашқаны үшін ескерту алған.

Бұл жөнінде Алматы облысы әкімі А. Мұсахановтың жеке блогына келген жауап хатта айтылады.

"Теректі ауылындағы Молдағұлова атындағы орта мектепте буфет жұмыс істейді. Сол буфетте балаларымыз тамақтанады, алайда мектебімізге келген жаңа директор ханым кабинеттердің жетіспеушілігінен мектеп 3 сменада оқитыныа қарамастан бір кабинетте дүкен ашып алған, ол дүкенде кеңсе тауарлары, тиым салынған заттардың бәрі сатылады. Қытайдың арзан сапасыз денсулыққа зиян кәмпиттері мен газдалған шырындар, сағыздар т.б. заттар. Бұл бұрын соңды болмаған сұмдық. Балаларымыздың денсаулығына зиян келтіріп, қалтасын ақшаға толтырмаса да болатын шығар."

Нығматуллина деген хат жолдаушы тиісті шара қолдануды сұраған.

Хатқа жауап берген Алматы облысы әкімі А. Мұсаханов аталмыш мәселеге байыланысты шара қолданып, бүгінгі күні кеңсе тауарлар сату дүңгіршегінің жұмысы тоқтатылған, яғни жабылғанын айтты. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімін ескертпей, жоғарыда айтылған жағдайға жол берген үшін Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры Р. Қалабаеваға ескерту берілген көрінеді.

"Туындалған сұрақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және аудандық білім бөлімінің бақылауында тұр." - деген мәліметтерді келтіреді облыс әкімі жауап хатта.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel