KZ
Экономика министрлігі әртүрлі болжамдар жасап жатыр

Экономика министрлігі әртүрлі болжамдар жасап жатыр

Расcказать Вконтакте

Экономикалық даму және сауда министрлігі жаһандық баға факторларын, технологиялық қайта құруларды есепке ала отырып, түрлі болжамдар сценариін жасауда.

Бұл сценарийлер жақын аралықта Үкіметке ұсынылады. Бүгін Парламент Мәжілісінде "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

"Орта мерзімдік кезеңде ІЖӨ-нің 7 пайыздық көрсеткіші қамтамасыз етілетін болады. Менің ойымша, барлық мемлекеттік бағдарламалардың, олардың ішінде, ең бірінші кезекте, индустрияландыру бағдарламасының толығымен жүзеге асуы ІЖӨ құрылымының өсіміне де әжептәуір әсер етеді. Біз әлі күнге жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарысты, оның қазақстандық экспорттық ұстанымға әсерін ескере отырып, бірінші кезекте елдің ішкі сұранымындағы өсімін қамтуымыз керек деп есептейміз. Бұл шамамен жылына 6,5-6,8 пайызды құрауы шарт", - дейді министр Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, министр Қашаған жобасының өзінің жобалық қуатына 2015 жылы шығатынын еске сала келе, 7 пайыздық ІЖӨ өсімі осы кезеңдерде қамтылатынын атап өтті.

"2020 жылға дейінгі болжамға келсек, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, министрлік жаһандық баға факторларын, технологиялық қайта құруларды ескеріп, түрлі сценарийлер жасауда. Жақын аралықта ондай болжамдар Үкіметке ұсынылады", - дейді Е. Досаев.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel