KZ

Алматы билігі қала толығымен жылуға қосылды деп сендіруде

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қаламыз толықтай жылумен қамтамасыз етілді. Жылу құбырын ауыстыруға 6,9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Ол қаланың тозығы жеткен құбырларды ауыстыруға жұмсалады.

Жылу 30 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы, "Алматы жылу жүйесі" хабарлады. Баға жалпы үйлік есептеу құрылғысын қоймағандарға ғана өседі. Ал, есептеу құрылғысын қойған үйлер әрбір шаршы метріне төлейді. Олар үшін, өтем жылыту маусымына байланысты өзгеріп отырады. Қазан айы жылы болғандықтан шаршы метріне 27 теңге төлесеңіз, қаңтарда өтем 199 теңгеге жетеді. Сәуір айында қайтадан 26 теңгеге түседі. 

ДӘУРЕН ӘЛІМБЕКОВ, "АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: Есептеу құрылғысын қойғандар үшін, жылу маусымы әкімшліктің қаулысы бойынша, үй қосылған күннен бастап есептеледі.

Алматыдағы бірінші жылу беру станциясы газбен жылытуға дайын. Қаладағы көлемі жағынан ең үлкен, екінші жылу беру станциясы жаңа жылу беру түріне көшпейді. Себебі, станция газбен жұмыс жасауға арналмаған.

Новости Казахстана
Алматы билігі қала толығымен жылуға қосылды деп сендіруде
Mailfire view pixel