KZ

2013 жылы әскер бюджеті 30 пайызға өседі

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қарулы күштер қаржы қызметі қызметкерлерінің жиыны өтті.

Аталмыш министрліктің мәліметінше, жиынға қатысу үшін еліміздің Қарулы күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери тектер мен түрлерінің әскери қаржыгерлері Астанада бас қосты.

Атап айтқанда, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есептің жаңа халықаралық стандарттарына көшу жоспарланып отыр. Осы кезеңге дайындық, сонымен қатар жаңа енгізілімнің басты қағидаттарын талқылау осы жиынның басты мақсатына айналды.

Сонымен қатар, осы жиында Қорғаныс министрінің қаржы және экономика жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы полковник Иманжүсіп Ақпомбаевтың басшылығымен Қарулы күштері қаржы қызметінің 2012 жыл үшін қорытындылары жасалынып, алдымыздағы 2013 жылға тапсырмалар мен мақсаттар талқыланды. Жиынға ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысты.

"Қарулы күштерде мемлекетіміздің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыру - Қорғаныс министрлігінің басты әрі маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Сондықтан да, әскери ведомствоның қаржыгерлері қаржылық тәртіпті қатаң сақтаулары керек, қызметтеріндегі кемшіліктерді жойып, ішкі бақылау жұмыстарын қолға алу керек", - деді Қорғаныс министрі.

Бюджеттік қаражаттың сапалы әрі жүз пайыз игерілуі - Қарулы күштер қаржы қызметінің басты тапсырмасы. Осы мәселеге жыл бойын барлық уақыттың басым бөлігі арналады.

Жылдан жылға, еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсуіне қарай мемлекетіміздің қазынасынан әскерді қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаражаттың саны да ұлғаюда. 2013 жылы әскер бюджеті 30 %-ға өседі.

Осыған байланысты, Қорғаныс министрі қаржыгерлерден алдымыздағы жылы бөлінген қаражатты толық әрі сапалы игерілуін талап етті. Қаржылық есептің жаңа халықаралық стандарттарына көшу барысында әсіресе ішкі тексеру комиссияларының жұмысына қатаң бақылау жасалыну керектігін айтып өтті.

Осы жылы бюджеттік қаражаттың жалпы жақсы игерілуін айта келіп, Қорғаныс министрлігінің басшылығы ең үздік деген қаржы қызметінің қызметкерлерінін атап, зор алғыстарын білдірді.

Новости Казахстана
2013 жылы әскер бюджеті 30 пайызға өседі
Mailfire view pixel