KZ

Бүгін Астанада қыз-келіншектерге киім-кешектер тегін таратылады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүгін Астанада "Жақыныңа жәрдемдес!" атты қайырымдылық шарасы өтеді.

Қазақстандағы Рухани келісім күнінің 20жылдық мерейтойы аясында Астана қаласындағы қыз-келіншектердің үкіметтік емес ұйымдары мұқтаж  жандарға арнап "Жақыныңа жәрдемдес!" атты қайырымдылық акциясын өткізеді.

24-ші қазан күні сағат 13.00-де Астана қаласы, "Жастар" сауда  дүкенінде (Кравцов көшесі, 1 үй) өтетін акция барысында тегін киім-кешектер таратылатын болады.           "Келем деушілерге есік ашық. Тегін киім кешек алу үшін ешқандай құжаттың қажеті жоқ",  -делінген таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Новости Казахстана
Бүгін Астанада қыз-келіншектерге киім-кешектер тегін таратылады
Mailfire view pixel