KZ

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің денсаулық сақтау саласына көңілі толмайды

Расcказать Вконтакте

Медициналық қызметтің сапасын төменгі сатыдан бастап көтеру аса маңызды. Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай айтты.

Кезінде Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Е.Досаев (2004-2006) бүгінде аталған саладағы қызмет көрсету сапасын барынша көтеру қажет деп санайды.

"Қазіргі кезде алғашқы медициналық көмек беру кезінде азаматтар сан алуан қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтан медициналық қызметтің сапасын төменгі сатыдан бастап көтеру аса маңызды. Әрине, емханаларды көптеп салған жақсы. Бірақ оны сапалы медициналық көмекпен толтыру ол - бір бөлек мәселе", - дейді Е.Досаев.

Министр атап көрсеткендей, бүгінде "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды. Енді, екінші кезеңін орындау барысында медициналық көмектің сапасын арттыру жұмысына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Новости Казахстана
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің денсаулық сақтау саласына көңілі толмайды
Mailfire view pixel