KZ

2015 жылғы мектеп түлектері кешенді тестілеуден өтеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

2015 жылғы мектеп түлектері кешенді тестілеуден өтеді 2015 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізіледі. Сол жылдан бастап ҰБТ екі кезеңнен тұратын болады: ұлттық тестілеу және кешенді тестілеу.

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жеке блогына келген хатқа осылай деп жауап берді. "Жақсы оқитын оқушылардың өзі сол Тестілеуден құлап жатыр. Менің айтар өтінішім: осы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді алып тасталынса." - деп министрлікке хат жазған Гүлсамал есімді азаматша.

Мектеп түлектеріне қатысты қайғылы жағдайлар да ҰБТ-ның кесірінен дегенді айтады хат иесі. 2013 жылы ҰБТ қолданыстағы формат бойынша өткізіледі екен.

"2011-2020 жылдарға дейінгі Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҰБТ келешекте, 2015 жылы екі кезеңге: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеуге бөлінеді." - министр Б. Жұмағұлов.

Новости Казахстана
2015 жылғы мектеп түлектері кешенді тестілеуден өтеді
Mailfire view pixel