KZ

Еркекке жүктісің деп анықтама берген дәрігер кінәсін мойындады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысы, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ елді-мекенінде елу жастағы Сергей Ерофеевке жүкті деп анықтама берілген еді.

Мұндай қателікке ұрынып жүрген Марал Қабдешова есімді жас дәрігер болатын. Ендігі ретте жас маман өзінің қателескенін мойындап отыр.

"Бұл менің қателігім екендігін білемін. Бірақ, саналы түрде емес" дейді Марал. Оны аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Елена Целищева да қорғаштап отыр. Оның айтуынша, Марал әлі жас, оның үстіне тәжірибесі де жетіспейтін көрінеді. "Оның жұмысқа қабылданғанына небәрі жарты ай болды. Маралды сол қателік үшін жұмыстан шығара алмаймыз. Оның үстіне ауданда дәрігер мамандар жетіспейді", - дейді.

Ал, Сергей болса өзі тұратын аудандағы ең атақты адамына айналды. "Мен оларға не істей аламын? Заң бойынша не істеу керек? Ең бастысы, олар менің азаматтық арымды таптады, моральдық шығын келтірді" деп отыр.

Новости Казахстана
Еркекке жүктісің деп анықтама берген дәрігер кінәсін мойындады
Mailfire view pixel