KZ

Алматыда көлік аялдамадағы сауда нүктесін жермен-жексен ете жаздады

Расcказать Вконтакте

Алматыда жылдамдықты шамадан тыс асырған көлік аялдамадағы сауда дүңгіршігіне кіріп бір-ақ тоқтады.

Құдай сақтап, жүргізуші де, сатушы да дін-аман. Десе де шашылған тауар шығыны көп. Болжамға қарағанда, "Мерседес" иесі жылдамдықты асырғанына қарамастан тізгінді бірден 90 градусқа да бұрып жіберген.

Жолдан шығып, дүкеннің қабырғасын қирата ішке кіруіне осы себеп болған көрінеді. Соққыдан тауар біткеннің бәрі шашылып, жарамсыз күйде қалған.

Сондай-ақ, сауда орны ішінде жасырын тұрған қос ойын автоматтың да талқаны шықты. "Мерседес" иесі айыбын бірден мойындаған. Бүлінген тауар құнын енді сол өтеуі тиіс.

{also_read}

Новости Казахстана
Алматыда көлік аялдамадағы сауда нүктесін жермен-жексен ете жаздады
Mailfire view pixel