KZ
Актер Жан Байжанбаев ақын атанды
Новости Шоу-бизнес

Актер Жан Байжанбаев ақын атанды

Расcказать Вконтакте

Кімнің кімге сенетінін, кімнің кімнен озатынын "Астана" арнасында "Саған сенемін. Мой лучший" думаны ғана көрсете алады. Азаматтың сырттанын, жігіттің сұлтанын анықтайтын кез келді.

Бұл думан жарын жолбарысым, азаматын арыстаным деген нәзік жандылар туралы. Олар "Саған сенемін" дейді. Ал, ерлер сүйіктілерінен осы сөзді есту үшін бәріне дайын. Бұл жолғы ойында өз ерлік ісін көрсетуге халықаралық дизайнерлер одағының мүшесі Берік Исмаилов және оның жары, сән салонының директоры Гүлнар Исмаилова!

Альпинизм спортынан ТМД елдері бойынша чемпион және "Қар жолбарысы" атанған Мақсұт Жұмаев, жары Ольга Жұмаевамен. Сонымен бірге, әнші, көптеген аспаптың құлағында ойнайтын Абай Әбішев және оның жүрегінің жартысы Әсел Әбішева және актер, ҚР ның еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаев, жары Гүлнар Байжанбаевамен бірге "Астана" арнасында "Саған сенемін. Мой лучший" додасында бақ сынады.

Алғашқы айналымда ерлеріміз кәуәп дайындап, сергіп алды. Бірақ, өздерінің айтулары бойынша, кәуәп дайындағаннан гөрі, оны жеген әлде- қайда оңайырақ екен. Жүргізуші Берік Тұрсынбековтың көмегімен олар барлық сайысты жоғарғы деңгейде орындап шықты.

Актер Жан Байжанбаев ақын атанды

Динара Сәтжан мен арулар қауымы ерлерді әбден сынады. Сынағанда тұрған ештеңе жоқ. Өйткені, нәзік жандылар ерлеріне "Саған сенемін" деп, сенім артады. Жан Байжанбаев "3 минут ішінде 30 есімге ұйқас табады" деп Гүлнар ханым ең жоғарғы ұтысты тікті.

Жан мырза барын салып, тырысып бақты. Тіпті, шабыттанып жарына жыр шумақтарын арнады. Таудың шыңдарын бағындырып жүрген Мақсұт мырза тағы бір сайыстың шыңын өзіне бағындырды. Ол 3 минут ішінде әдемі 10 аруды кедергілер арқылы арқалап өтіп, көзсіз ерлік жасады.

Актер Жан Байжанбаев ақын атанды

Осы және басқа да қызықтарды "Астана" арнасында жексенбі күні, сағат 19.00-де көре аласыздар.

Актер Жан Байжанбаев ақын атанды
Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии
Mailfire view pixel