KZ

NUR.KZ сауалнамасы: Баланы сүндетке отырғызу қажет пе?

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Биыл жазда Германиядағы мұсылман және еврей ұйымдар сүндетке отырғызу құқығын сақтап қалу үшін бірікті деп хабарлаған болатынбыз.

Маусым айында Кельннің облыстық соты діни көзқарастарға байланысты балаларды сүндетке отырғызу денесіне зақым келтірумен тең деген шешім шығарды.

Елдегі мұсылмандар мен еврейлер бұл діндерінің бұрыннан келе жатқан дәстүрі екенін алға тартып, құқықтарын қорғауды сұрады.

Наразылық шараларын Баварияда сүндетке отырғызатын раввинге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқандығы туралы хабар тудыртқан болатын. Сонымен қатар Кельн соты мұндай шешімді сүндеттеу кезінде мұсылман отбасының баласы зақым алғаныннан кейін шығарғанын айтып ақталды.

Осыдан кейін Неміс медициналық ассоциациясы да бұл шараны (сүндеттеу) өткізуді доғару керек деген талап қойды.

Наразылық шараларына мыңнан астам адам қатысып, Германияның бас раввині мен басқа дін басылар қатысты.

Айта кетсек, NUR.KZ жақында Қарағандыда сүндеттеу кезінде хирург баланының жыныстық мүшесіне зақым келтіргенін хабарлаған болатын. Баланың ата-анасы қолы қалт кеткен дәрігерді сотқа беріп, одан 5 млн теңге талап етті. Дегенмен сот дәрігерді зардап шеккен отбасыға тек 700 теңге өтеп беруге міндеттеді.

АҚШ-та да, еске сала кетсек, сүндеттеу кең таралған медициналық процедуралардың бірі болып табылады. Тамыз айында Америкалық педиатрия академиясы сүндеттеу туралы ғылыми мәліметтердің шолуын жариялады.

Онда олар  "сүндеттеудің денсаулыққа әкелетін пайдасы процедурамен байланысты қауіп-қатер деңгейінен асып түседі" деп жазған болатын. Дегенмен педиатрлар барлық нәрестелерді бірдей сүндеттемей, алдымен дәрігермен кеңесу қажет екендігін ескертеді.

Ал сіз балаңызды сүндетке отырғызасыз ба? Қанша жасында және қандай тәсілді таңдайсыз?

Новости Казахстана
NUR.KZ сауалнамасы: Баланы сүндетке отырғызу қажет пе?
Mailfire view pixel