KZ

Танымал қазақстандық режиссерге қатысты тағы да шу шықты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жас режиссер Фархад Шәріповтен де "ши" шыға бастады. Осыдан екі жыл бұрын "Қызғылт қоян туралы ертегі" деген фильм түсірген ол бір мезетте абырой мен ақшаға көміліп шыға келген.

Тіпті сол жылы түсірілген Досхан Жолжақсыновтың "Біржан салын" озып, "Қызғылт қоян" Қазақстан кинематографистер одағының "Құлагер" жүлдесін жеңіп алғаны есімізде. Көп ұзамай ерке бала "Қазақфильмнің" қаржыландыруымен Голливудқа барып білім алып келді.

Күні кеше белгілі болғандай, қазіргі қазақ киносындағы "жаңа қазақтардың" бірі, креативті режиссер бір жыл бұрын бір адамды қағып кетіп, мүгедек қылып қойыпты. Өзі жапа шектірген жанға қаржылай көмек көрсетпек түгілі, кешірім де сұраған жоқ дейді білетіндер.

Қызыл "Шевролесімен" мас күйінде жүйткітіп жүруді әдет қылған жігіт тағы қанша адамды қан қақсатарын кім білсін, мүгедек жан енді сотқа шағымданып отыр.

Осы оқиғадан кейін "Қызғылт қоянда" роль сомдаған актер Санжар Мәдиев: "Ең қызығы, рульге отырған бассыз есерлердің арасында өзіміздің достарымыз да бар", – деп "твиттерінде" түртіп қойыпты.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында да полиция жас режиссерді мас күйінде көлік тізгінін ұстағаны үшін қамауға алған болатын. Арнайы медициналық тексеру нәтижесінде оның мастығы расталған еді. Ол полиция қызметкерлері мен журналистерге "шоу" көрсетіп, не үшін ұсталдыңыз деген сауалға "полицейлер көше жиегінде тұрған көлігімді алып кетті" деп жауап берген еді.

Новости Казахстана
Танымал қазақстандық режиссерге қатысты тағы да шу шықты
Mailfire view pixel