KZ

Мәскеуде "Алма-Атинская" метро станциясы ашылатын болды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұл ақжолтай хабарды Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин кешегі өткен қалалық жиында мәлімдеді.

Сондай-ақ, қала мэрі басқарма жиынында Замоскворецк бағытындағы "Алма-Атинская" метросы 2012 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетіндігін айтты. Естеріңізде болса, жыл басында мәскеуліктер "Братеево" ауданындағы метро бекетін "Алма-Атинская" деп атауға қарсылық білдіріп, әртүрлі акциялар ұйымдастырған еді.

Бірақ,соған қарамастан Мәскеу қалалық Басқармасының 2011 жылғы 29 қарашасындағы № 915-РП бұйрығы бойынша, "Братеево" станциясы "Алма-Атинская" болып өзгерді.

"2013 жылы Бутоск бағытында "Лесопарковая" станциясы ашылып, 2013 жылы қаланың оңтүстік әкімшілік аймағында метрополитеннің бірінші кезеңі іске қосылады. Метро қаладағы Орехово-Борисово, Зябликово, Братеево және Москворечье-Сабурово аудандарындағы жарты миллион халықты тасымалдайтын болады", деп атап өтті қала мэрі.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеудегі метро бекеттерінің бірін "Алма-Атинская" деп атау туралы ұсынысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков былтыр жазда ұсынды. Ол 1941 жылы Алматыда жасақталған атақты Панфилов дивизиясының ерен еңбегін еске салды. Сонымен қатар, Алматыда да "Мәскеу" бекетінің салынып жатқанын айтқан еді.

Новости Казахстана
Мәскеуде "Алма-Атинская" метро станциясы ашылатын болды
Mailfire view pixel