KZ

Тіркеме нөмірлері қазақстандықтарға қолайсыздық туғызуда

Расcказать Вконтакте

Автокөлік тіркемелерінің нөмірлері қазақстандықтар үшін қолайсыздық туғызуда. Жұртшылық осы мәселені шешуді Ішкі істер министрлігі алдына көлденең тартып отыр.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогына В.Цаток деген азаматтан көлік тіркемелерінің нөмірі туралы арыз түсіпті. Ол барлық әлемде тіркеме нөмірлері төртбұрышты, оны бекітетін орын да төртбұрышты нөмірдің формасына сай жасалғанын айтады.

Ал, елімізде оларға берілетін нөмірлердің ені жіңішке, ұзыншақ болып келеді. Сондықтан да тіркеме нөмірін орнату үшін міндетті түрде майыстыру керек. Ал, ол жағдайда жол инспекторлары айып салатын көрінеді.

Немесе ЛАТОН-ға барып тікбұрышты нөмірге тапсырыс жасауға кеңес береді екен. "Мен жеңіл көліктердің тіркемелерін сатушы едім. Бұл мен үшін күрделі мәселе. Өтінемін, осы жайтты шешу үшін бір шара қолдансаңыз екен",– депті ол. Ішкі істер министрі әзірше бұл сауалға жауап бермепті. Бәлкім мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқан болар.

Новости Казахстана
Тіркеме нөмірлері қазақстандықтарға қолайсыздық туғызуда
Mailfire view pixel