KZ

Украина гомосексуализмді насихаттауға тыйым салмақ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Украина парламенті гомосексуализмге тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымында-ақ мақұлдады.

Құжатта гомосексуализмді насихаттағандарды қылмыскер деп танып, бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң жобасын дайындаған депутаттардың пікірінше, "гомосексуализм ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді".

Депутаттар "мұндай өмір салтын ұстану қоғамда СПИД індетін таратып, отбасы институтының бұзылуына және бала туу азайып, демографиялық дағдарысқа әкеп соғады" деп санайды. Заң жобасы парламентте енді екінші рет тыңдалуы тиіс. Қабылданған жағдайда, прзиденттің қол қоюына жіберіліп, күшіне енеді.

Новости Казахстана
Украина гомосексуализмді насихаттауға тыйым салмақ
Mailfire view pixel