KZ

Қазақстанда алғаш рет ұстаздар балы өтеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 5 қазанда Алматы қаласында Қазақстан ұстаздарына арналған бал өткізеді.

Бал педагогтардың кәсіби мерекесі - Ұстаздар күніне орай өткізілмек. Оған білім беру саласының құрметті қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары шақырылып отыр.

"Бұл ұстаздықтың жаңа дәстүрінің жаңғыруы", - дейді министрліктің баспасөз қызметінен. Балдың ресми бөлімі еліміздің үздік педагогтарын салтанатты құттықтау рәсімімен ашылады.

Республика тарихында тұңғыш рет "Үздік ұстаз" атағына еліміздің 48 мұғалімі ие болды. Олар "Үздік ұстаз-2012" бірінші республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Новости Казахстана
Қазақстанда алғаш рет ұстаздар балы өтеді
Mailfire view pixel