KZ
Қапшағай халықаралық туристік ойын-сауық орталығына айналады

Қапшағай халықаралық туристік ойын-сауық орталығына айналады

Расcказать Вконтакте

Алматы облысында "Жан Іле" халықаралық ойын-сауық, туристік, сауықтыру орталығы салынады, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовқа сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Амандық Баталов аталмыш ірі мемлекеттік жобаны іске асыруға байланысты мәселелер қарастырылған қала құрылысы кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Орта Азияда теңдесі жоқ кешен Қапшағай су қоймасының жағалауында салынады және Жетісу аймағының мақтанышына айналады. Кешеннің дамыған инфрақұрылымы, еуро санаттағы қонақүйлері, ойын-сауық және спорт нысандары болады.

Кешенге "Алтын Емел" ұлттық табиғи саябағы мен Тамғалы тас мекенінің жақын орналасуы Жетісуға демалуға келген қазақстандықтар мен шетел қонақтарын көптеп тарта түседі. Әкімшіліктің ақпараты бойынша, қазіргі таңда құрылыс үшін Қапшағай маңындағы 11 мың гектар жер алдын-ала резервке алынды, бас жоспар әзірленді.

Аталмыш жоспар ҚР Үкіметінің қарауына ұсынылды. "Біздің мамандар қазақ сәулет өнері мен мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Бүгінгі таңда жобаны қаржыландыру мәселесі шешілуде", - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel